Екі дүркін чемпион Давид Дегтярев қазақ халқына алғысын айтты

Париж Паралимпиадасының чемпионы, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев елордаға оралды. Ол қолдау білдірген отандастарына алғысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізді қарсы алғандарыңызға үлкен алғыс айтқым келеді. Тіпті, айтуға сөзім жоқ десем болады. Қазақстан халқымызға рақмет. Барлығыңызға ашық аспан, жаттықтырушыларға мықты спортшылар, мықты денсаулық, жақсылық тілеймін, - деді екі дүркін чемпион.

Еске сала кетейік, Давид Дегтярев Парижде өткен Паралимпиада ойындарында парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, Паралимпиданың екі дүркін чемпионы болды.

Президент Паралимпиада ойындарының чемпионына хабарласып, құттықтады.

Бұған дейін Париж Паралимпиадасының жеңімпазы Ақмарал Науатбек Давид Дегтярев сияқты екі дүркін чемпион болғысы келетінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы