Екі депутат Мәжілістен кетті 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбек пен Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов екі депутаттар басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен кетуге өз еркімен өтініш бергенін айтты.

Парламенті Мәжілісі депутаты Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Мұхтар Тілдәбекұлы Ерманның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттарға тиімді жұмысы үшін алғыс білдіріп, Мәжілістің атынан арнайы дайындаған алғыс хатты табыстады. 

Шын мәнінде, сіздермен өте қысқа уақыт жұмыс істедім. Бірақ әрқашан сіздермен боламын. Бұл бір жағынан өкініш болса, бір жағынан үлкен қуаныш. Сіздермен әрқашан тікелей, тығыз байланыста болғым келеді. Референдумнан кейін Жаңа Қазақстан құрылғалы жатқанда министр болып тағайындалдым. Бұл – екі есе жауапкершілік, - деді Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек Қошановқа ерекше алғысын білдіріп, бұған дейін ондай бастығы болмағанын айтты. 

Ал Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалғандықтан Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Ерлан Қошанов Берік Әбдіғалиұлына сәттілік тіледі. 

Ертең Ұлытауда Құрылтай болады, сол себепті ортамызға келе алмады, - деді ол. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі болып, Саясат Нұрбек Білім және ғылым министрлігінің екі ведомствоға бөлінуінің нәтижесінде жасақталған Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы