Екі бүйрегі де істен шықты. Әділов қаңтарда зардап шеккен полиция туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында содырлардың қолынан Республика алаңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырған Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы ауыр жарақат алды, - деді Әділов.
Ол ереуілшілер инспекторға қалай зақым келтіргенін айтты.
Оны ереуілшілер аяусыз ұрып-соғып, оның мойнына металл арматурамен соққы беріп, мойын омыртқасын зақымдаған, сондай – ақ алған жарақаттардың нәтижесінде екі бүйрегі де істен шықты, оның өмірін күн сайын «жасанды бүйрек» гемодиализбен қамтамасыз етілуде, - деді ол.
Әділов атағандай, аталған полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында және оған білікті медициналық көмек көрсетілуде.
Біздің полиция қызметкері өз отбасының жалғыз асыраушысы, - деді ол.