Екі айлық нәресте санавиациямен Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының көмегімен ауыр халде жатқан екі айлық Қазақстан азаматы жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасынан санавиацияның көмегімен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.
ҚР Ресей Федерациясындағы елшіліктің мәліметінше, ұшуды ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырды.
Нәрестені Нұр-Сұлтанға апарар алдында мамандар диагнозбен толық танысқан. Дәрігерлер нәресте келісімен бірден қарқынды емдеуді бастады.
Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын жүзеге асырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында карантин талаптары күшейтіледі
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы