Екі айда 1500-ден астам өрт тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылыту маусымы басталғалы 1612 тұрғын үй секторынан өрт шыққан. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.
Жылыту маусымының басынан бастап (2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 1612 рет өрт шықты.Соның салдарынан 42 адам көз жұмды, тағы 6 адам улы газға уланып (өрт шықпай)қалған. Ал 49 адам жарақат әр түрлі жарақаттар алған.
Азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын. Алдын ала, жылыту қарсаңында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарының (қарттар, мүгедектер), көп балалы отбасылардың тұрғын үйлерінде атаулы өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға мүдделі қызметтер мен үкіметтік емес сектор тартылды, - дейді В.Беккер.
Оның айтуынша, аумақтық бөлімшелер жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 169 010 тұрғын үйін есепке алған. Оның ішінде 7 қарашадағы жағдай бойынша 163 622 үй (91860 үйге ЖАО өкілдерімен аралау жұмыстары жүргізілді) профилактикалық жұмыспен қамтылған, оның барысында 409 мың азаматқа нұсқау беріліпті.
Тексеру кезінде 132 527 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталған, оның ішінде 23 478-і сол жерде жойылған. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің 90% - ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылу жүйелерін пайдаланумен байланысты екен.