Екі күнде 2100-ден астам қылмыс тіркелді - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституицсяның 24 жылдығын мерекелеу күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Екі күн ішінде 2117, оның ішінде қоғамдық орындарды 286, көшелерде 14 қылмыс тіркелді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында полиция қызметкерлері 1287 қылмыстың ізін суытпай ашты.
91 қылмыскер ұсталды, оның ішінде өткен жылдары іздеу жарияланған 9 қылмыскер қолға түсті.
Полицейлер тұрғындардан заңсыз сақталған 66 қару, 61,5 кг есірткі құралдары алынды.
Сондай-ақ, 35,3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішу, балаларды тәрбиелеуде ата-ана міндеттерін орындамау, елімізді болу тәртібін бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік құралдарын мас күйде басқару фактілері анықталды.
Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында полиция қызметкерлерінің іс-қимылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталады.