Екеуі комада. Алматыда мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 2 наурыз күні мас жүргізуші жолдың шетінде тұрған 4 жасөсіпірімді қағып кетті. Қазір екеуі комада.

54 жастағы "УАЗ" көлігінің жүргізушісі Қорам ауылында жол бойында тұрған балаларды қағып кеткен. Салдарынан 8 және 9 жастағы қыздар зардап шекті. 

Қазір жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жүргізуші медициналық айықтырғыш мекемесіне жеткізілді. 

Оқыс оқиға салдарынан жарақаттанған 3 бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Ал төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2 қыз жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

2012 жылы туған баланың жағдайы өте ауыр, терминалды. Жасанды тыныс беру аппаратына қосылды. Диагнозы ауыр қосарлас жарақат, ашық ауыр бас сүйек-ми зақымы, ауыр дәрежедегі ми жарақаты, екі сан сүйегі сынған, 2-3-дәрежелі травматикалық шок. Қыз комада жатыр. 2012 жылы туған екінші бала жайында. Диагнозы ауыр қосарлас жарақат, жабық ауыр бас сүйек-ми зақымы, екі сан сүйегі сынған, 2-3-дәрежелі травматикалық шок. Бала комада жасанды тыныс бері аппаратына қосылды. Қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. 2011 жылы туған үшінші балның диагнозы: қосарлас жарақат, бас сүйек-ми зақымы, оң жіліншіктің екі сүйегі де орнынан жылжып сынған, 1-дәрежелі травматикалық шок. Баланың жағдайы тұрақты, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы