eGov.kz-ті түсініксіз деп айтуға болмайды. Мусин электронды үкіметтің дизайны өзгеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Мусинге eGov.kz-тің дизайны туралы сұрақ қойды. 

Әрине, ол өзгеріп жатыр. (eGov.kz-ті) түсініксіз деп айтуға болмайды. Бүгінде оның 10 млн-нан аса қолданушысы бар. Бірақ оны түсінікті ету үшін күнделікті жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы жұмыс топтары бар. Олардың құрамына сіздерді (журналистерді) қосуға болады. Менің ойымша, (eGov.kz) түсініксіз болса, бүгінде 10 млн-нан аса халық қалай пайдаланып жүр? Олар біздің жүйемізге кіріп, цифрлық құжаттарды пайдаланады және тағы басқа қызмет түрлерін алады. Мен сізге статистиканы алып берейін, - деді ол. 

Мусин айтқандай, eGov.kz адамдарға жағымды болуы үшін оның дизайнын өзгертіліп, қазақ тілін қосу жұмысын жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Мусин Қазақстан үшін "Яндекс. Такси" сияқты жоба тиімсіз екенін айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы