22 Шілде 2023 2023, 23:45 Фото: baq.kz

Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді

Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде сағат 02:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, жуырда ЕeGov Mobile мобильді қосымшасында колледж дипломының цифрлық нұсқасын аталған порталдың көмегімен алуға болатын жаңа қызмет түрі қосылған.