Egov уақытша жұмыс істемейді
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өз қызметтерінде жоспарланған техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты мемлекеттік электронды қызметтерге қол жеткізу уақытша шектеледі.
Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 2025 жылғы 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жоспарланған. Уақыт кезеңі ықтимал қолайсыздықтарды азайту үшін пайдаланушының минималды белсенділігін ескере отырып таңдалды, - деп хабарлады "ҰАТ" АҚ.
Осылайша, eGov.kz порталы және eGov мобильді, e-Otinish, E-license мобильді қосымшасы, сондай-ақ "Ашық үкімет" жүйелері және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының қызметтері уақытша тоқтайды.
Сондай-ақ электронды үкімет арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында және басқа жүйелерде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу шектеледі.
Қазақстандықтарға қажетті операцияларды алдын ала аяқтау ұсынылады.