eGov порталы уақытша жұмыс істемейді

Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы eGov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды.

Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі. Осыған байланысты, 2024 жылғы 17 ақпан сағат 21:00-ден 2024 жылғы 18 ақпан сағат 08:00-ге дейін «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізге Starlink жабдығының алғашқы легі жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы