+17

EGov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық құжат пайда болды

Қазақстанда цифрлық құжаттар қатары тағы бір маңызды жаңалықпен толықты. Енді әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған азаматтарға қамқор болғысы келетін адам туралы ақпаратты eGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінен табуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа цифрлық құжат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде автоматты түрде қалыптастырылады. Аталған жүйеде тіркелген барлық қамқор болатын адамдар мен олардың қамқорлығындағы азаматтар есепке алынған.

Цифрлық құжатта келесі мәліметтер қамтылған:

  • ЖСН;
  • Қамқорлыққа алатын адам мен қамқорлығындағы адамның аты-жөні мен туған күні;
  • Жергілікті атқарушы органның бұйрығының нөмірі мен күні;
  • Құжаттың қолданылу мерзімі көрсетілген «Күні жарамды» өрісі.

Бұл құжат мемлекеттік және өзге де ұйымдарға жүгінген кезде, сондай-ақ түрлі қызметтер алу барысында ұсыныла алады.

Жаңа цифрлық қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасындағы бірлескен жұмыс нәтижесінде іске асырылды.

Еске салайық, осыған дейін медициналық анықтаманы eGov арқылы алуға болатынын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы