Egov.kz-те жаңа қызметтер пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "электрондық үкімет" порталында жаңа қызмет түрлері мен сервистердің іске қосылғанын хабарлайды.

Енді, азаматтар "электрондық үкімет" порталы арқылы төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы алуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматты тіркеуге өтініш бере алады.

 

Бұған қоса, жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді іске асыру кезінде оларды алудың кейбір процестерін де оңайлаттық. Осылайша, республика тұрғындарының әлеуметтік желілердегі көптеген хаттары мен өтініштеріне байланысты біз әлеуметтік төлемақы (42 500 теңге) алуға электрондық өтініш беру процесін оңайлаттық, атап айтқанда, енді "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы" деген орынды толтыру міндетті емес, өйткені бұл орынды толтыру қиындық туғызатын және, көбінесе, дұрыс толтырылмайтын – дейді мамандар.

 

Ашып айтқанда, енді пайдаланушыға "Мазмұны" деген орында "Төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы беру" деп көрсету/таңдау жеткілікті.

Кейін қажетті өңірді көрсету және, ең бастысы, қызмет алушыларда еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың тиісті бөлімін (орталық аппарат немесе өңіріңіздегі бөлім) дұрыс және нақты таңдау қажет.

Бұл ретте, пайдаланушыда электрондық өтініш беру кезінде қолдану мерзімі жарамды ЭЦҚ болу тиіс, оны да үйден шықпай алуға болады. Бұл ретте, ХҚКО-ның қашықтан ЭЦҚ беру процесімен айналысатын қызметкерлерінің жұмыс кестесі мынадай: дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі күні - демалыс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы