Қазақстандық егіз футболшы үйленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қайрат" клубының шабуылшысы Самат Сәрсенов пен оның сыңары Марат Сәрсенов шаңырақ көтерді.

23 жастағы Самат Сәрсенов Ирина Кузьмина есімді аруға үйленді. Екі жастың тойы туған жері Орынборда өтті. Сондай-ақ Саматтың сыңары Марат та дәл осы күні ата-анасын қуантып, отбасын құрды. 

Марат пен Самат Сәрсеновтер 1996 жылы Ресей Федерациясына қарасты Орынбор облысының Новотроицк қаласында дүниеге келген. Жеті жасынан футболмен айналысқан. Алғашқы командасы – жергілікті "Норд" клубы. Ал 2016 жылы "Оренбург" командасына алынды.  Арада 1 жыл өткенде тарихи отаны Қазақстаннан ұсыныс түсті. Бүгінгі таңда Алматының "Қайрат" клубының ойыншысы. Былтырғы маусымда "Тараз" клубына жалға берілген. 

Сыңары Марат та футболмен айналысқан. Кезінде Қазақстанның "Бәйтерек" (Нұр-Сұлтан), "Ақтөбе" клубтарында ойнаған. Қазіргі кезде Марат Орынборға оралып, балаларды жаттықтырып жүр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы