Әйел егіз баласын сатып, құнына телефон алған

Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың Чжэцзян провинциясында жаңа туған егіз балаларын сатқан әйел қамауға алынды. Бұл туралы AsiaOne хабарлады.

Балаларды сату келісімі 2018 жылдың қыркүйегінде орын алған. Әйелдің айтуынша, ол мұндай қадамға қарызы көбейіп кеткендіктен және ақша тапшылығын көргендіктен барған. Балалардың әкесі олардан бас тартып, қашып кеткен. Ал әйелдің ата-анасы балаларды некесіз тапқаны үшін оған көмектескісі келмеген. 

Әйел егіз балаларын 65 мың юаньға сатқан. Кейін егіздердің әкесі келіп, қарыздарын жабу үшін өз үлесін сұрап алған. Қалған ақшаға әйел қарыздарын жауып, өзіне жаңа телефон алған. 

Полиция бұл оқиғаны жақында ғана білген. Сатылған балалардың әкесі мен анасы да қамауға алынған. Ал егіздер Аньхой провинциясында асырап отырған отбасыдан табылды және олар әйелдің ата-анасына тапсырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы