Егіс жұмыстарына 171 млрд теңге жеңілдікті несиелер берілді
"Аграрлық несие корпорациясы" жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2042 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 239,4 млрд теңге сомасына өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1958 АШТӨ-ден 232,7 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 171,6 млрд теңге сомасына 1396 АШТӨ қаржыландырылды.
Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстарының АШТӨ белсенділік танытуда.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жеңілдетілген кредит беруге өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қарашада басталды. Бұл шаралар фермерлерге барлық қажетті шараларды сапалы өткізуге, тұқымдар, тыңайтқыштар сатып алуға және техниканы дайындауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында аграршылар өздері үшін барынша қолайлы жағдайларда қаржылық қолдау алады.
Атап айтқанда, қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және АНК арқылы қолжетімді болады.
Кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры қарыз сомасының 85% кепілдендіруді көздеді.