Егіс алқаптарының электрондық картасын алу кейінге шегерілді – АШМ

Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың барлық бағыттарына арналған электрондық карталардың қазақстандық фермерлерде болуы қажет деген талап екі жылға шегерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін субсидия алуға өтінім берген кезде егіс алқаптарының электрондық карталары талап етілмейді.

2023 жылғы 14 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына егістіктерді цифрландыруды 2026 жылға дейін қалдыру жөнінде өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер фермерлерге жер учаскелерін тәртіпке келтірулеріне, «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» РММ тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін цифрландыруды аяқтауға, ал «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на дақылдарды тану спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұған дейін бірқатар шаруа басым бағыттағы дақылдарды субсидиялауға өтінім беру кезінде қиындықтарға тап болды, өйткені егіс алқаптарын дұрыс цифрландыру мүмкіндігі болмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы