Египеттегі турнирдің үшінші күні қазақстандық екі балуан жүлделі болды
Қазақ балуандары халықаралық турнирде тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
⠀
Александрияда (Египет) күрес түлерінен «Ибрахим Мұстафа» рейтингтік турнирі жалғасуда.
Бір күн бұрын Қазақстан құрамасының қоржынына 2 медаль қосылды.
Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі) қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Үндістаннан келген қарсыласын жеңді.
Юсуп Батырзаев (125 келі) еркін күрестен қола жүлдегер атанды. Ол 3-орынға белдесуде АҚШ-тан келген қарсыласын жеңді.
Бүгін турнирде «еркін күрес шеберлері» 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92 салмақтарында үздіктерді анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда-Жезқазған күре жолын жөндеу жұмыстары басталды
Келесі жаңалық
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Өзгелердің жаңалығы