Египетте тағы бір сфинкс табылды
Алматы, BAQ.KZ. Швед және Египет археологтарының бірлескен тобы Асуан қаласы маңындағы Джибаль эс-Сильсиля ауданы маңындағы көне тас қалашықтарынан биіктігі бесметрлі сфинксті тапты. Бір қызығы оның денесі арыстан, ал басы қойдікі, деп жазды "Мобтада" басылымы.
Ғалымдардың пайымдауынша, көне ескерткіштің жасын Тутанхамонның атасы фараон Аменхотеп III-тің билік құрған кезіне жатқызып отыр. Бұл шамамен б.э.д. 1388-1353 жылдар. Археологтардың айтуынша, сфинкс пен оның шағын көшірмесін өзге жерге тасмалдау үшін әзірлеген сыңайлы, алайда қашалған тастар орнында қалып қойған. Ескерткіш фараонның өліміне байланысты аяқсыз қалған болуы мүмкін немесе ол бүлінген, сондықтан оны жөндеусіз қалдырған.
Үлкен және шағын криосфинкспен қоса бұл жерден мүсіннің басына тәж етіп кигізілетін кобра табылған, сондай-ақ, мәтіндер жазылған Аменхотеп III дәуіріндегі даңқ ескерткіші бар.
Джибаль эс-Сильсиля ауданындағы қазба жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда төрт күнде 60-қа жуық жүргізуші әкімшілік құқық бұзған
Өзгелердің жаңалығы