Египетте көне жәдігерлерді заңсыз қазу кезінде 6 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египеттің оңтүстігіндегі Кена провинциясында көне жәдігерлерді заңсыз қазу кезінде алты адам, оның ішінде бір әйел қаза тапты.

Оқиға Кенаның солтүстігіндегі Аль-Аракки ауылында көршілес екі отбасы өз үйлерінің бірінің астынан жәдігерлер іздемек болған кезде орын алды. Моссад провинциясының қауіпсіздік бюросының төрағасы Әбу Сикин шұңқырдың құлауынан құрбандардың тұншығып қалғанын айтты.

Египетте, әсіресе оңтүстік провинциялардағы ауылдарда заңсыз қазба жұмыстары COVID-19 пандемиясының басынан бері екі еседен де көбейді. Өйткені жұмыссыздықтың өсуі «оңай байлық туралы мифтің» таралуына ықпал етті», - деді Жоғарғы Египет аймағындағы ішкі істер министрінің бұрынғы көмекшісі Адель Абдель-Азим Синьхуаға берген сұхбатында.

А.Абдель-Азимнің айтуынша, ескі үйлердің ішіндегі бұл қазбалардың көпшілігі үлкен тереңдікте жүргізіліп, алдын ала ойластырылмайды. Бұл ғимараттардың қирауына, сондай-ақ адамдардың өлімі мен жарақатына әкеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы