Египет Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Билік ауысқан Сирияға Мысырдан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
15 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек артқан ұшақ жуырда Дамаск әуежайына қонды. Енді Қызыл Жарты Ай ұйымы оны мұқтаж жандарға үлестіреді.
Египет билігінің айтуынша, Сирияға алдағы уақытта гуманитарлық жүк артқан тағы бірнеше ұшақ жіберіледі. Осылайша азаматтық соғыстан зардап шеккен азаматтарға барынша қолдау көрсету көзделіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-дағы қар көшкіні көлік кептелісін тудырды
Келесі жаңалық
Трамп Киевті тағы айыптады
Өзгелердің жаңалығы