Егін жинау жұмыстарына дизель отынына өтінім қабылдау басталды

Жетісу облысының әкімдігі егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру басталғанын мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Жетісу облысының ауыл шаруашы­лығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру 2024 жылдың 1 мамырынан бастап 20 мамырына дейін қабылданады.

Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;

3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);

4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді. Бұл ретте, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді. Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі. Барлық сұрақ бойынша 8 (7282) 32-97-04 телефон нөмеріне хабарласуға болады, - деп атап өтті Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы