Егін біркелкі әрі бітік шықты – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы егін егу жұмыстары уақтылы жүргізілген әрі егін бітік шыққан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапарбек Айдаров айтты.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 22,5 млн гектарды құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 238 мың гектарға артық. Оның ішінде әртараптандыру мақсатында биыл жем-шөп дақылдар мен майлы дақылдар алқаптары ұлғайтылды. Ылғалды жабу және топырақты егу алдындағы өңдеу бойынша сапалы және уақтылы жүргізу арам шөптердің барынша жоюға және топырақ құрамында ылғалды сақтауға мүмкіндік болды. Егу жұмыстары да уақтылы жүргізілді. Егін біркелкі әрі бітік шықты. Коронавирус пандемиясы салдарынан шектеу шараларына қарамастан, шаруалар жеңілдетілген жанар-жағармай, сапалы тұқым, тыңайтқыштар және техникамен дер кезінде қамтылды, - дейді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өндірушілері алқаптарға шамамен 450 мың тонна минералды тыңайтқыштар сепкен.
Ол жоспардың 85% пайызын құрайды, қалған бөлігі жерді өңдеу кезеңінде қолданылады. Тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту мақсатында 2020 жылы 26 млрд теңгеге субсидия көзделіп отыр. Бұл шамамен 522 мың тонна минералдық тыңайтқышты сатып алуға мүмкіндік береді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық, - дейді вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы