Егінді шығынсыз жинау басты міндетіміз – Айдарбек Сапаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров егінді шығынсыз жинап алуға бар күштерін салып жатқандарын айтты.

Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған ең басты міндет - өсірілген егінді шығынсыз жинау. Республикада егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті техника бар және олар толығымен егін жинау жұмыстарына дайын. Жұмыстың ұзақ тоқтауын болдырмау мақсатында жөндеу бригадалары құрылды. Сервистік компаниялармен олардың көшпелі сервисті күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша жұмыс жүргізілді, - дейді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді.

Осыған дейін 195 мың тоннаға (49%) келісімшарттар жасалды, 175 мың тонна (44%) жөнелтілді. Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаны құрайды және бұл өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, болжамды өнімді сақтау үшін жеткілікті (оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында - 12,1 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде - 15,7 млн тонна). Жедел деректер бойынша лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға 1,3 млн тонна астық түсті. Бұл республикадағы жиналған астықтың 11%-ын ғана құрайды. Оның ішінде бидай – 920,7 мың тонна (жұмсақ бидай – 897,6 млн тонна, қатты бидай - 23,1 млн тонна), - дейді вице-министр.

Жалпы, министрліктің мәліметі бойынша сақтауға келіп түскен 897,6 млн тонна жұмсақ бидайдың сапалық көрсеткіштерге сәйкес 76,8% (689,3 мың тонна) 1-3-сыныптарға, 12,7% (114,3 мың тонна) 4 сыныпқа жатады. Оның ішінде 10,5%-ы (94 мың тонна)  5-сыныпты және сыныпсыз болып келеді.

Бұған дейін вице-министр биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,7 млн гектарды құрағанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы