Қазақстан президенті Эгилс Левитсті Латвия президенті болып сайлануымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эгилс Левитсті Латвия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Республикасының президенті лауазымына сайлануына байланысты Эгилс Левитске құттықтау жеделхатын жолдады. 

«Қазақстан мен Латвияның ортақ тарихы мен құндылықтарына, әріптестік пен достыққа негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға бірлесіп күш жұмылдыратынымызға кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тілеймін», - делінген жеделхатта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы