"Егер бұл алтын болса, қуаныш тіпті басқаша болар еді": Ерғалиева қола медаль туралы

Самалай Ерғалиева Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында дзюдодан қол жеткізген қола медалі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Ерғалиева Иран спортшысы Самира Хакахты айқын басымдықпен ұтып, жекпе-жекті иппонмен мерзімінен бұрын аяқтады.

Жартылай финалда өз қатемнің кесірінен жеңіліп қалдым. Бірінші қарсыласым Түркия спортшысы болды. Бұған дейін одан ұтылған едім. Бұл жолы есені қайтарып, жеңіске жеттім. Екінші қарсыласым Қырғызстаннан болды. Сол белдесуде өзіме қатты ашуланып, соның арқасында бойымда ерекше намыс пен күш пайда болды. Соның қуатымен жеңіске жеттім. Үшінші орын үшін өткен белдесу де сәтті өтті — жоспарлағанымның барлығы орындалды. Әрине, егер бұл алтын медаль болса, қуаныш одан да үлкен болар еді, – деді спортшы.

Еске сала кетейік, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарыста Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Сауд Арабиясы аталмыш ойындарды алтыншы рет өткізіп жатыр. Бұған дейін үлкен спорттық дода Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017), Коньяда (2021) ұйымдастырылды. 2009 жылы Тегеранда өтуі тиіс болған жарыс өткізілмей қалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Өзгелердің жаңалығы