Егемендік бәріне бұйыра бермейді - Мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтуде.
Салтанатты іс-шараның алғы сөзін Мемлекет басшысы бастады.
Ардақты ағайын, баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігімідің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа қазақ мемлекеті құрылғанын дүниежүзіне паш етіп, тәуелсіздігімізді жарияладық, -деді Президент.
Мемлекет басшысы ұлт үшін егемендіктен асқан бақыт жоқ екенін атап өтті.
Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттік дәстүрімізді қайта жалғадық. Шын мәнінде, егемендік бәріне бірдей бұйыра бермейді. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал қазақтың бешенесіне өз мемлекетігін құру бақыты жазылды. Бұл ұлы бақыт -ұлттың бағыты, - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коллекциялық монеталар айналымға шықты
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы