16 Сәуір 2026, 11:35
Фото: видеодан алынған кадр
Эфир үшін төбелес: Қостанайда блогер қыздар арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты
Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың барлығын бөлімшеге жеткізді.
Қостанайда 15 сәуір күні «102» пультіне төбелес туралы хабарлама түскен. Оқиғаға қатысушылардың барлығы сол жерде ұсталды.
Полицияның мәліметінше, екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде басталған.
Араздық жеке кездесуде жалғасып, төбелеске ұласқан. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады өңірлік полиция.
Полиция қызметкерлері барлық қатысушыларды бөлімшеге жеткізді.
Тергеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
Ведомство кез келген жанжалды заң аясында шешу қажеттігін еске салды.
Құқыққа қайшы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:12
- «ҰБТ-ны сіздің орныңызға тапсырамыз»: талапкерлерге маңызды ескерту жасалды 20:55
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13