Эфиопияда шегірткенің кесірінен ұшақ қона алмай қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы Эфиопияның шығысындағы Дыре-Дауа қаласының әуежайына қаптаған шегірткенің салдарынан қона алмай қалды, деп хабарлады Кенияның The Standard Кениялық газеті.

Газет мәліметі бойынша, Джибутиден ұшып келген рейс қонуға екі рет әрекет еткен, алайда қону алаңы нашар көрінгендіктен, қона алмаған. Салдарынан ұшқыштар маршрутты өзгертіп, лайнерді 30 минуттан кейін Эфиопияның астанасы Аддис-Аббебеге қондырған.


Әлеуметтік желіде ұшақтың фотосы жарияланды. Онда аппақ самолеттің алдыңғы жағы жәндіктердің соқтығысынан қоңыр дақтармен қапталғанын көруге болады. Осындай дақтарды оның қозғалтқыштары мен қанаттарынан да байқауға болады. Ал ұшаққа соқтығысып өлген шегірткелерден қалған ізден пилоттар кабинасының алдыңғы әйнегінен тіпті ештеңе көрінбейді, - делінген таратылған ақпаратта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы