Эфиопиядағы апат: БҰҰ қаза тапқан қызметкерлерінің саны артты
Астана, BAQ.KZ. Эфиопиядағы ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің саны 19-ға жетті. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады.
Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмған Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің саны 19-ға жетті.
Халықаралық ұйымның көші-қон жөніндегі (ІОМ) бас директоры Антонио Виторино мәлімдегендей, апаттан әуе кемесінің бортында болған барлық 157 адам қаза тапты. Олардың қатарында ІОМ-ның жас қызметкері Анн-Катрин Фейгл де бар.
«Апаттан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Алдын ала мәлімет бойынша БҰҰ-ға байланысты ұйымдардың 19 қызметкері қаза тапқаны белгілі», - деп жазды Виторино Твиттердегі парақшасында.
Еске салсақ, Ethiopian Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Аддис-Абебадан Найробиге қарай бағытталған рейсті орындау барысында апатқа ұшырады. Лайнер әуеге көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң жерге құлаған. Кеме бортында болған 157 адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Апат салдарынан 30 астам елдің азаматы көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі басты қару экспорттаушылар аталды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы