13 Қыркүйек 2026, 13:05 Фото: Ақорда

Эфиопия Премьер-министрі Президентті Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Эфиопия Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. 

Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды.

Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің институционалдық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орайда, Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз, – деді Эфиопия Үкіметінің басшысы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Эфиопия Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.