Эфиопияда апат болған ұшақта қазақстандықтар жоқ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Эфиопияда құлаған ұшақта 33 мемлекеттің азаматы қайтыс болды. Оның ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Өздеріңіз білесіздер, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айту хатын жолдаған болатын», - деді Смадияров.
Ethiopian Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Аддис-Абебадан Найробиге қарай бағытталған рейсті орындау барысында апатқа ұшырады. Лайнер әуеге көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң жерге құлаған. Кеме бортында болған 157 адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Апат салдарынан 30 астам елдің азаматы көз жұмды.
Эфиопиядағы ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің саны 19-ға жетті.
Рахиля Бекназарқызы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтеді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы