ЕЭО деңгейінде өнімге қойылатын міндетті талаптар жеңілдетілді

Бизнесті қолдау үшін Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде өнімге қойылатын міндетті талаптар жеңілдетілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен, автомобильдерге «SOS» батырмасын орнату бойынша міндеттемелер алынып тасталды, қазақстандық жүк вагондарын жөндеуге арналған мойынтіректер сертификаттаудан босатылды. Экономиканың 7 саласы стандартталды. 200-ден астам ұлттық стандарттар және 70-тен астам мемлекетаралық стандарттар қабылданды, - деді Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ  77 сынақ зертхана жаңартылып, 10 қазақстандық зертхана Еуразиялық экономикалық одақ тізіліміне енгізілді.

Мемлекеттік бақылау күшейтілді. 1900-ден астам тексеру жүргізілді, 14 000 жоғары заңсыз берілген құжаттар жойылды және 170 млн теңгеден астам айыппұл салынды, - деді вице-премьер. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы