ЕЭК алқасы журналистерге есеп береді - Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтты.

Бүгін-ертең Алматыда ЕАЭО бес елінің шенеуніктері мен кәсіпкерлерінің кездесулері өтіп жатыр. Ертең, жұма күні Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Еуразиялық  үкіметаралық кеңестің отырыстары - келіссөздердің және ел мүдделлерін қорғаудың маңызды алаңдарының бірі болып табылады.  Кейде Кеңестің жабық есіктерінің артында бес елдің  «батырлар шайқасы» өршіп тұрады, сол себепті елдер өздерінің ұлттық мүдделерін құлшыныспен қорғайды, - деп жазды ол.

Ол бейсенбі және жұма күндері маңызды кездесулер болатынын атап өтті. 


Мен бірнеше рет дипломатиялық құпиялардың перделерін ашуға тырыстым.  Қазақстан үшін маңызды позициялар үшін қалай күресетінімізді айттым... Көбіне қолымыздан келеді, қолымыздан келмейтіндері де бар, бірақ бұл - сирек жағдай (біз үміт үзбейміз, елімізге қажетті мақсаттарға жетудің жаңа жолдарын іздейміз). ЕАЭО тарихында бірінші рет Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының барлық мүшелері (ЕЭК министрлері) бес елдің журналистеріне есеп береді. Мұндай есеп беру идеясы біздің Президентіміз Тоқаевқа тиесілі. Еуразиялық бестіктің Мемлекет басшыларының кездесуінде  Президентіміз Комиссияның министрлеріне ұлттан тыс шенеуніктер екенін айтып, «халықпен кездесу» керектігін ескертті, - деп жазды министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы