Эдуард Ещенко Париж олимпиадасының жолдамасын алды

Стенд атудан Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ещенко Қатар астанасы Дохада Париж олимпиадасының лицензиясына иелік етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәлімдеуінше, ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті.

Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек 1 ұпай қалып кетті (35 ұпай).

Бұл стенд ату шеберлерінің 2-ші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған. Айта кетейік, нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Қазір Қазақстан қоржынында жазғы ойындардың 49 жолдамасы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы