ЕБРР Қазақстанға 9 млрд доллардан астам инвестиция құйды – Сума Чакрабарти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЕБРР басшысы Қазақстанға алдағы онжылдықта дамыту керек басым бағыттарды атады.
Сума Чакрабарти мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғаш рет кездескенін айтты. Олар Қазақстанның стратегиялық дамуы бағытын және оған үлес қосуға ниетті ЕБРР банкінің рөлін талқылапты.«Бүгінгі біздің тақырыбымыз адами капиталды дамытуға арналады. Бұл орайда мен Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты атап өткім келеді. Ол басшы болған кезде Совет үкіметінен шыққан Қазақстан дамыған, заманауи және табысты елге айналды. Тіпті осы шетелдік инвесторлардың кеңесін құрудың өзін, жаңа реформалар мен Астана Халықаралық қаржы орталығының ашулын атап өтуге болады. Осы орайда жаңа президентке сәттілік тілегіміз келеді. Бүгін таңертең Қазақстан президентімен алғаш рет кездестім. Қазақстанның стратегиялық бағыты туралы және оның барысында мен жұмыс істейтін ЕБРР банкінің рөлін талқыладық», - деді ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысында Чакрабарти.
Еуропалық реконструкция және даму банкі басшысының айтуынша, ол басқарып отырған қаржы ұйымы Қазақстан экономикасына 9 млрд доллардан астам инвестиция құйған. Биылдың өзінде 450 млрд доллардан астам қаржыны Қазақстанға бөлген.
«ЕБРР басшысы банкі заманауи Қазақстан құрылған күннен бастап жұмыс істеп келеді. Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғанға дейін бастадық. Біздің Қазақстанға құйған жалпы инвестициямыздың көлемі 9 млрд доллардан асады, биылдың өзінде 450 млн долларға жуық болды. Біз өз үлесімізді тек сан жағынан емес, сапа жағынан да есептедік. Осы жылы серіктестеріміз жаңартылған энергия көздеріне байланысты 3 жобаның келісімшартына қол қойды. Бұл жобалардың жалпы құны 375 млн долларға жетеді», - деді ол.
Осы орайда банк басшысы экономиканың дамуы адам ресурсынан тыс іске аспайтынын атап өтті. Соған байланысты Қазақстан алдағы онжылдықта басым беруі тиіс 3 бағытты атап, соларға байланысты жобалар үшін жобаны қолдағанын айтты.
«Біз Қазақстанның жаһандық экономикадағы дамуы айтқанда абстрактілі ойламауымыз керек. Экономиканың өзі адамдардан, олардың идеясынан, еңбек және өнідірістік әлеуетінен, сонымен қатар, қажеттіліктері мен таңдауынан тұрады. Жұмыс күшінің артуынан, орта кәсіби және жоғары білікті кәсіпке алмасуынан Қазақстан экономикасына көп пайда келді. Бұл жерде жергілікті жұмыс күші айтарлықтай азайғаны байқалатын өте қатты дамыған елдердің тәжірибесінен айырмашылық байқалады. Болашақта Қазақстан экономикасында орта деңгейдегі білікті мамандықтардың азаюын және еңбек ресурстарының ескіруі мүмкін. Ослайша, мемлекет алдында бірнеше міндет тұрады. Бірінші, мүмкіндіктер теңсіздігін азайту, әсіресе әйелдермен байланысты салаларды қарастыру керек. Екінші, жұмысшылардың орнын сақтап, олардың біліктілігін арттыруға көмектесу. Себебі олардың жұмыс өтілі өткен онжылдыққа қарағанда ұзағырақ болады. Үшінші, қалалық орталықтарда жасыл инфрақұрылымды дамыту. Бұл өнімділікті арттырып, өздері айтарлықтай жылдамдықпен өзгеретін болады. Осы 3 бағыт бойынша жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын білемін. Оған ЕБРР қатысып жатқанын айту керек. Біз осы жұмысты Қазақстанмен жалғастырамыз деп ойлаймыз », - деді Сума Чакрабарти.
Жиынды ашқан ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталын дамыту – қазіргі маңызды мәселе» деген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы