27 Шілде 2026, 16:11 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Эболадан қайтыс болғандар саны 1 405 адамға жетті

Індет өршіп тұр. Эбола безгегімен күрес шаралары жалғасуда.

Конго Демократиялық Республикасының Байланыс және БАҚ істері министрлігінде Эбола безгегімен күрес шаралары бес провинцияда: Жоғарғы Уэле, Итури, Солтүстік Киву, Оңтүстік Киву және Чопода жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған аймақтарда медициналық бригадалар аурудың таралуын ауыздықтау үшін эпидемиологиялық қадағалау мен диагностика жүргізеді, пациенттерді емдейді және байланыста болғандарды бақылайды.

«Бүгінгі таңда аурудың 3 200 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 773 пациент оқшауланған, 571 адам сауығып шықты, 1 405 адам қайтыс болды. Өлім-жітім деңгейі 43,9%-ды құрайды, ал байланыстарды бақылау көрсеткіші 77,8%-ға жетті», – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккен аудандарда эпидемиологиялық қадағалау мен медициналық көмек көрсету қуаты толық іске қосылған.

«Итури провинциясында медициналық бригадаларды, зертханаларды және емдеу мекемелерін күшейту жалғасуда. Бұл аурудың жаңа жағдайларын ерте анықтауға ықпал етеді. Бұдан бөлек, халықпен белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде, ал кіру пункттеріндегі бақылау мен логистикалық қолдау безгек бұрқ еткен сәттегі күрес шараларын нығайтуға көмектеседі», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Эболадан қайтыс болғандар саны мыңнан асқаны хабарланды

Сонымен қатар, Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 2 мыңнан асқаны айтылды.