27 Тамыз 2026, 14:57
Фото: istockphoto.com
Эбола өршіп барады: ДДCҰ індетпен күреске 30 млн доллар жетіспейтінін мәлімдеді
Конгода індетпен күреске қажетті қаржы тапшы болып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусының таралуы әлі де белсенді екенін ескертті. Көршілес Угандада індетпен күресте оң нәтиже болғанымен, Конгода зардап шеккен аймақтарға қорғаныс құралдары мен медициналық жабдықтарды жеткізуге 30 млн доллар жетіспейді.
Reuters таратқан мәліметке сәйкес, Угандада Эболаның жаңа штамының өршуі аяқталған. Ал Конгода, керісінше, вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артып келеді.