Эбола ауруын жұқтырған науқас ауруханадан қашып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырған науқас ауруханадан қашып кетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.
ДДСҰ мәліметінше, елде аталған вирус тағы кең тарап кетуі мүмкін.
13 сәуірде бұл ауру түпкілікті жойылады деген болжам жасалған. Алайда, соңғы науқасты емдеп болған соң 52 күннен кейін вирус қайта пайда болды. 10 сәуір күні алты адамнан қауіпті безгек анықталып, оның екеуі осы аурудан көз жұмған.
Бени қаласының 28 жасар тұрғыны ауруханадан қашып кеткен. Науқасты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оны тез ұстамаса, бұл инфекцияны көптеген адамға жұқтырады, - дейді ДДСҰ-дың Эбола вирусынан қарсы операцияның басшысы Бубакар Диалло.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 күнге арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы