Эбеко жанартауы биіктігі 1,5 шақырым болатын күл түтінін шығарып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Куриль аралдарындағы Эбеко жанартауы биіктігі 1,5 шақырым болатын күл түтінін шығарды, деп хабарлайды informburo.kz Сахалин облысының ТЖМ Бас басқармасына сілтеме жасап.
27 ақпанда Ресейдің Сахалин облысы бойынша ТЖМ мемлекеттік мекемесінің дағдарыс жағдайындағы басқару орталығына Эбеко жанартауында 1,5 км биіктікке күл шығарындылары болғандығы туралы ақпарат келді. Түтін шығыс бағытта 3 шақырымға дейін таралды, - делінген хабарламада.
Эбеко жанартауының биіктігі 1156 метр. Ол Вернадский жотасының солтүстік бөлігінде орналасқан Солтүстік Курильск қаласынан солтүстік-батысқа қарай жеті шақырым жерде орналасқан. Қаланың өзінде күл жоқ, күкіртсутектің иісі сезілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байқоңырдан «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы