ЕАЭО мүше елдері ғалымдарының дәрежесі растаусыз танылады

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек заң жобасын таныстырды.

Оның сөзінше, келісімге 2023 жылғы 8 маусымда Сочиде қол қойылған. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының ғылыми дәрежелерін олардың аумағындағы еңбек көші-қоны шеңберінде тануды көздейді.

Құжатта мыналар қарастырылған:

- ЕАЭО-ға мүше елдердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда ғылыми дәрежелерді (философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы, ғылым кандидаты және ғылым докторы) растаусыз тану;
- ЕАЭО-ға мүше елдердің азаматтары жұмыс істейтін мемлекетте белгіленген академиялық дәрежесі бойынша үстемеақы алуға өтініш берген жағдайда ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды танудың ұлттық рәсімдері қолданылады;
- ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексерудің объективті тетіктерін құру және қатысушы елдер арасында ақпарат алмасу;
- түпнұсқалықты тексеру үшін мүдделі ұйымдар басқа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салуға құқылы.

Бүгінде ЕАЭО-ға мүше елдер осы Келісімді ратификациялау бойынша ішкі рәсімдерді жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы