Бүгін ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазанда, яғни бүгін Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім күшіне енді.

Иран мемлекетімен еркін сауда аймағын құру бастамасы Елбасымен 2014 жылы Каспий маңы мемлекеттерінің саммитінде жария етілді.

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге 2018 жылдың 17 мамыр күні Нұр-Cұлтан қаласында Астана экономикалық форум алаңында қол қойылды.

"Осындай келісімдерді жасасу әлемдік нарыққа экспортты ілгерілетудің бір құралы болып табылады. Иранмен жасалған шарт біздің тауарлар үшін 80 млн халқы бар мемлекеттің нарығына қол жеткізуге жол ашады. Сонымен қатар, Иран өзара сауданың негізін қайта өңделген тауарлар құрайтын бірнеше елдердің бірі болып табылатынын атап өткен жөн", - деп Еуразиялық үкіметаралық кеңесі отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова баяндады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық өнімнің Иран нарығына қол жеткізу шарттарын елеулі ырықтандыруға қол жеткізілді. Иран ДСҰ-ға мүше емес екенін ескере отырып, осы мемлекеттің тарифтік қорғаудың қолданыстағы деңгейі ең жоғарғы деңгей болып саналатының атап кету жөн. Келісім Қазақстан үшін экспорттық қызығушылық тудыратын бірқатар тауарлар бойынша баж салығын азайтуға немесе ағымдағы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, сандық мәнде Иран тарапы ең көп жеңілдіктер санын ұсынады.

Келісімге сәйкес Иран тарабы Қазақстанға және басқа ЕАЭО елдеріне 864 тауарға қатысты (оның ішінде, 262 АӨК тауарлары, 602 өндірістік
тауарлар) импорт баждарын төмендетеді.

Иран нарығына сиыр еті мен қой еті (бажды 26%-дан 5-10%-ға дейін төмендету), бұршақ дақылдары (55%-тен 5-10% дейін), өсімдік майы (20%-дан 10% дейін), макарондар мен кондитерлік өнімдер (55% -тен 14-20% дейін), болат илегі (20%- дан 15%- дейін), рельстер (5%-тен 4% дейін), аккумуляторлар (32-55%-дан 10% дейін), арматура, құбыр (32% - дан 4%- дейін) және т.с.с тауарларды жеңілдік тарифтер бойынша жеткізуге
болады. Аталған тауарлар ҚР үшін экспорттық қызығушылықты білдіретін дәстүрлі тауарлар болып табылады.

Аталған тауарлар бүгінгі таңда ағымдағы қазақстандық экспорттың жартысынан астам көлемін құрайды (292 млн.$ немесе 54%). Өз кезегінде, ЕАЭО елдері 502 тауар бойынша (126 АӨК тауарлары, 376 өндірістік тауарлар) импорт баждарын төмендетеді. Бұл талшын, құрма, інжір, мейіз, креветкілер, кондитерлік өнім, ыдыс, жуғыш заттар, кілемдер, пластмасс бұйымдары. Олардың көпшілігі ҚР аумағында өндірілмеу себебінен, импорттық қызығушылықты білдіретін тауарлар.

Келісімнің қоданыс мерзімі 3 жыл. Құжатта ЕАЭО мен Иран арасында еркін сауда аймағы туралы тұрақты келісім бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

Анықтамалық ақпарат: Иранмен өзара сауда көлемі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 516,3 млн.$ құрады, оның 82,6% (426,7 млн.$) біздің
Иранға экспортымызды (импорт – 89,5 млн.$) құрады. Негізгі экспорттық тауарлар – арпа (272,1 млн.$), болат илегі (87,3 млн.$), рапс тұқымдары
(17 млн.$) және қой еті (11,6 млн.$). 2019 жылдың 8 ай бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 226,2 млн.$ құрады, оның 77,1%
(174,3 млн.$) Иранға экспортты (импорт — 51,9 млн.$) құрады. 2019 жылы Қазақстан Иранға арпа жеткізуді 22,8 млн.$ ұлғайтқанын атап кету жөн.
Сондай-ақ 2019 жылы 2018 жылдың ұқсас кезеңінде жүзеге асырылмаған тауарларды жеткізу басталды. Бұл сиыр еті, рапс майы, ұсақ мал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы