ЕАЭО. Қырғызстанның төмен баждарды қолдану мерзімін ұзарту хаттамасы ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
Министр Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы жөнінде айтты.
Сұлтанов Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның құрамына 2015 жылдың 12 тамызында қосылғанын айтты.
Экономиканы ЕАЭО экономикалық талаптыран бейімдеу мақсатында Қырғызстанға 222 тауар бойынша бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемесіне көшу бойынша 5 жылдық кезең берілген. Оған алып қоюлар тізбесіне азық-түлік, дәрілік заттар, түсті металдар сынды тауарлар кірді. Қырғыз тарапы үшін неғұрлым төмен баж салығын өтпелі кезең 2020 жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс еді. Алайда елдің түрақсыз экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескере отырып Қырғызстан Президенті 2019 жылғы желтоқсанда ЕАЭО басшылығының саммиті барысында төмен баждарды қолдану мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады, - деді ол.
Министр төменгі баждардың қолдануын ұзарту көлік тобына әсер етпегенін атап өтті.
2021 жылғы қаңтардан бастап Қырғызстан барлық тауарға қатысты ЕАЭО-ның бірыңғай тарифтік мөлшерлемесіне көшті, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пандемияға жаба салатын болды. Нығматулин ратификациялау уақытын кешіктіретін министрліктерді сөкті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы