ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Минскі төрінде
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Минскідегі Тәуелсіздік сарайында бірге суретке түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы және Еуразиялық экономикалық форумы өтіп жатыр.
Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жиындарға қатысу үшін Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барған болатын.
Мемлекет басшысы Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Дәстүрлі жиынның биылғы тақырыбы – "Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытынды мен перспектива".
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылдың басты түсі анықталды
Өзгелердің жаңалығы