Кеше 2026, 23:18 Фото: akorda.kz

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары форумы аясындағы көрмені тамашалады

Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стендтерімен танысты.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады.

Форумда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер көрмесі, сондай-ақ Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.

Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стендтерімен танысты.

Қазақстан тарапы цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы негізгі бастамаларын, соның ішінде Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance, Smart Cargo+Keden және басқа да жобаларын көрсетті.