13 Қараша 2019, 12:07
ЕАЭО елдерінде ортақ валюта бола ма: Досаевтың жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ЕАЭО елдері арасында ортақ валюта енгізуге қатысты пікір білдірді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ЕАЭО елдері арасында ортақ валюта енгізуге қатысты пікір білдірді.
Ұлттық банк төрағасы ЕАЭО құрудағы басты мақсат валюталық емес, экономикалық одақ құру болатын деп отыр.Осы ортақ валюта туралы сұрақ әдейі әртүрлі формада ара-тұра қойылып отырады. Келісімде экономикалық одақты құру идеясы негіз болғаны нақты көрсетілген, яғни валюталық одақты құру мүлдем қарастырылмаған. ЕАЭО-ның әр қатысушысы қаржылық суверенитетті сақтайды, - деді Ерболат Досаев.Оның айтуынша, экономикалық одаққа мүше бес ел ақша-несиелік саясаты мәселелерін дербес шешеді. Бір-біріне тәуелді емес.
Тұтас қаржылық тәуелсіздік Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір қатысушысында жекелей сақталады. Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші ретінде ақша-несие саясатын жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дағдарысқа қарсы қажетті шаралар қабылдау саласында өкілеттікті толығымен өзіне қалдырады, - дейді еліміздің бас банкирі.
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55
- «Таза Қазақстан»: Астанада экологиялық науқанға 1,4 миллионнан астам адам қатысқан 15:20