ЕАЭО-да Еуразиялық электрондық еңбек биржасы құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың соңына дейін «ЕАЭО мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу» жобасын бастауға арналған құжаттар пакетін дайындау жоспарлануда.

Жоғарыда аталған электрондық биржалар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерінің азаматтарын жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, электрондық құжаттаманы енгізу қажеттілігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын орындауға итермелеп, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек көші-қонының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары электрондық еңбек биржасының жобасын әзірлеуге келісті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы