ЕАЭО азаматтары үшін пойыздарға бірыңғай билет енгізілуі мүмкін
Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келген жолаушылар үшін рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған ұсыныстар мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ мәлімдеді.
Жақын арада шекарадан өту кезінде тексеру мен бақылау санын азайту, сондай-ақ бірыңғай электрондық билеттерді, онлайн тіркеу жүйесін және жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуді енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Қазақстан теміржолы бұл шаралар ЕАЭО елдері арасындағы теміржол сапарларын неғұрлым ыңғайлы және жылдам етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кетейік, ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы