ЕҚЫҰ елшілері Орталық Азияға іс-сапармен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-11 қазан аралығында ЕҚЫҰ жанындағы жиырма бір тұрақты өкілден тұратын топ ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастығын нығайтудағы сенімді қолдауын растау үшін Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстан елдеріне барды.

Елшілер Душанбеде, Нұр-Сұлтанда, Ташкентте және Самарқандта жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктермен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында олар ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге үлесін талқылады және осы елдердің басымдықтары мен қажеттіліктері туралы пікір алмасты.

Тәжікстанның Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен және Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер 7 қазанда шекараның қауіпсіздігі және зомбылық экстремизммен және лаңкестікке апаратын радикалданумен күрес мәселелеріне арналды. Елшілер Душанбеде ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалық офисі ұйымдастырған шекаралық Басқару колледжінің 10 жылдығына арналған көрмеге барды. 2009 жылы есігін ашқан сәттен бастап бұл ЕҚЫҰ-ның халықаралық танымал оқу орнынан, ЕҚЫҰ-ға 45 қатысушы-мемлекеттен 3000-нан астам шекаралық қауіпсіздік өкілдері мен ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі тоғыз серіктестері оқудан өтті.

Қазақстанда елшілер ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаевпен, ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының Төрайымы Айгүл Қыдырбаевамен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльмира Әзімовамен және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездесті.

Олар 9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен және ЕҚЫҰ мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырған "Ауғанстан және ЕҚЫҰ: әріптестік пен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді нығайту" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараның мақсаты Ауғанстанмен және Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдар арасында ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылау болып табылды. Ауғанстан елі 2003 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі Азиялық серіктесі болып келеді.

Дөңгелек үстел ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанмен өзара іс-қимылына арналды. ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы далалық миссияларының, Ауғанстанның қатысуымен іс-шараларды жүзеге асыру үшін, маңызы зор болып табылады. Бұл іс-шаралар негізінен шекаралық және кедендік басқаруға жәрдемдесуге және есірткі мен қарудың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған.

Өзбекстанда елшілер Сенат Төрайымы Танзила Нарбаевамен, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Илхомжон Неъматовпен, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Мирза-Ұлықбек Абдусаломовпен, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Ақмал Саидовпен және Омбудсмен Ұлықбек Мұхаммадиевпен кездесті.

Олар сондай-ақ Өзбекстандағы БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі жергілікті журналистер мен Самарқандтағы блогерлердің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Президент Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар жөніндегі агенттік ұйымдастырды.

Сапар барысында елшілер ЕҚЫҰ-ның Душанбедегі Бағдарламалық офисінің қызметкерлерімен, Өзбекстандағы жобаның үйлестірушісі және Нұр-Сұлтандағы бағдарламалық офисінің қызметкерлерімен кездесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы