Елордада Ялда мерекесі аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетіндегі Ялда мерекесі парсы тілі және әдебиеті оқытушылары мен студенттері және басқа да бөлім ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен ирандық мәдениет және салт-дәстүрмен жақынырақ танысу мақсатында өткізілді.  

Осы мерекенің арнайы дастарханы да жайылды.

Ялда ирандық мәдениеттің адам мен табиғаттың байланысына қатысты көзқарасынан туындаған. Ол пайда болуының киелі пәлсапасына байланысты ғасырлар бойы оның маңыздылығы азаймай ғана қоймай, керісінше, Иран тарихындағы көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға қарамастан, әлі де ирандық отбасыларда сән-салтанатпен аталып өтетінін айтты ИИР-ның ҚР-дағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Кебриайзаде Ялда.

Иранда отбасы әрқашанда ерекше маңыздылыққа ие болған. Ялда дәстүрінде де отбасы басты рөл атқарады, яғни, Ялда отбасы мүшелерін бір дастарқан басына жинап, отбасының маңыздылығын ұлықтайды. Отбасы үлкендері кішілерге парсы әдебиетіндегі ғасырлар бойы адамдарды тура жолға жетелеп жүрген биік ұғымдармен таныстырып, Хафиз, Сағди мен Фердоусидің өлеңдерін оқиды. Хафиз бен Фердоусидің өлеңдерін оқудың да өзіндік хикметі бар. Бұл туындыларда адамның кемелдігі мен ирандық болмыс бейнеленген. Сияваш пен Судабе немесе Рустам мен Асбуш не Сияваш пен Афрасиаб дастандарын тек қана бір әдеби туынды және көңіл көтеру құралы ретінде қабылдамау керек, оларда маңызды үндеулер жасырынған. Фердоуси жақсылық пен жамандықтың әрдайым күресетінін, ақырында жақсылықтың жамандықты жеңетінін айтады. Сол себепті Ялда дәстүрі тек көңіл көтеру ғана емес, - деді Әли Кебриайзаде. 
Ялданың тағы бір қыры - мейірімділік тудыру. Мәсіхтің туылуына дейін 500 жыл бұрын ирандықтар қыс мезгілінің басында Ахриманның зұлымдығынан аман қалу үшін  күздің ең соңғы түнінде, яғни, мейірімділік пен нұрдың символы Митра құдайы туылатын кезде отбасы мүшелері ошақ басына жиналып, өлең мен дастандар оқу арқылы осы ұзақ түнді өткізген. Мыңдаған жыл өткеннен кейін әлі де осы рәсімдер орындалады. Отбасы мүшелерінің бір-бірінің қасында болуы отбасының бірлігі мен жақындығын арттырады. Отбасының саулығы мен бірлігі – бақытты қоғамның басты шартыекенін айтты кеңесші.

Айта кетер жайт,  бұл шара Хафиздің өлең жинағымен бал ашу, Ялда тақырыбында сайыс өткізу, Ялда туралы өлең және ән айтумен жалғасты.

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы